Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Күй ойнайды қазағымның қанында"

c 16:23, 20/09/2018 c 10557

0:00 / 0:00

«Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ домбыра». Шындығында шанағынан күй төгілген кештегі әр домбыра ұстаған жанның бойынан қазақы рухтың өрлігі байқалды. Қуаныш пен қайғыны аталмыш аспап арқылы жеткізген бабамыздың рухына арналған тағылымды кеште қазақтың ұоттық аспабы тағы бір әлемге насихатталып, дәріптелді. Яғни ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Балбырауын» және «Адай» күйлерін 1700 адам бір мезетте орындап, рекорды жаңартты.Облыс аудандары мен қаладан келген орындаушылар арасында түрлі сала қызметкерлері, оқушылар мен студенттер хәм домбыраның құлағында ойнаған күйшілер мен өнер майталмандары да бар еді.

Тарихы терең, қойнауы құт Ақжайық өңіріндегі дүбірлі өнер тойын облыстық мәдениет және білім беру басқармасы, қала мен аудандардағы мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру мен білім беру бөлімдері ұйымдастырды. Бір мезетте осыншама халықтың күй орындауы рекордық көрсеткіш. Бұған дейінгі рекорд Атырау облысына тиесілі, мұнда 1017 орындаушы бір мезетте күй шерткен еді.

Еске сала кетсек, күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай шаралар Юнеско көлемінде тойлануда. Демек қазақ халқы мен оның салт-дәстүрін, мәдениетін әлем мойындауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.