Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коронавируспен күрес

c 17:13, 01/04/2020 c 405

0:00 / 0:00

Санитарлық қызметтің мамандары 1-ші сәуірдегі ахуал салыстырмалы түрде тұрақты екендігін айтады. Өңірімізде 29-шы наурызда бірінші рет коронавирус індетін жұқтырған екі дерек тіркелген болатын. Қазіргі таңда 2 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем-дом қабылдап, 92 азамат стационарлық карантинде жатыр. Вирустың облыс аумағында таралмасы үшін дезинфекциялық жұмыстар атқарылуы тиіс.

БҚО наурыздың 29-нда бірінші рет коронавирус індетіне шалдыққан 2 науқас анықталған. Қазіргі таңда олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем-дом қабылдап жатыр. Сала мамандары науқастардың жағдайы қалыпты екендігін айтады.

Вируспен күресудің төте жолы- дезинфекциялық жұмыстарды уақытылы орындау. Қала аумағында 300 қоғамдық көлік дезинфекциядан өтіп жатыр. Мамандар диахлордың көмегімен күн сайын автобустарды инфекциядан зарарсыздандырып жатыр. Сондай-ақ, коммуналдық мекемелер мен төтеншеліктер қала көшелерін дезинфекциялауда.

Орал қаласында 107 пәтер иелері кооперативі бар. Олардың 76-сы аулауларын тазартып жатыр. Қала әкімінің орынбасары дезинфекциялық жұмыстардың баршасы төтенше жағдай аяқталғанша орындалатындығын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.