Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коронавирус пандемиясына екі жыл

c 18:09, 16/03/2022 c 467

0:00 / 0:00

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген еді. Тиісті бұйрық 16-наурызда қабылданды. Сол күннен бастап барлық көңіл көтеретін орындар, базарлар мен сауда нүктелері қызметін тоқтатты. Ал дәрігерлер болса, індеттің тырнағына іліккен жандардың өмірі үшін күресіп жатты. Арада бақандай екі жыл уақыт өтті. Осы жылдар ішінде мыңдаған адам вирус жұқтырып алса, енді бірі індеттен айыға алмай жан тапсырды.

16-наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің өршуіне байланысты төтенше жағдай режимін енгізді. Облыс аумағында алғаш коронавирус жұқтырған науқас туралы ақпарат 29-наурызда тарала бастады. Қытайда бірінші рет табылған вирус жер жаһанның барлық дерлік аумағына таралды. Біраз уақыт қашықтан жұмыс істеп, балалар уатсап арқылы білім алғаны есімізде. Ал осы уақытта дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күресіп жатты. Коронавирустың Уханьда пайда болған түрімен ауырған азаматтар дәм мен иіс сезуден қабілетінен айырылып, өкпесі қабынып, ауруханаға төсегіне таңылды.

Пандемия көптеген саланың осал тұстарын көрсете білді. Мәселен, құны арзан тұратын Парацетамолдың бағасы шарықтап, бетперде таба алмай қалғанымыз есімізде. Және оттегіге зәру болғандарға ел болып ақша жинап, жомарт жандардың медициналық құрылғыларды сатып әпергені де тарихта қалды. Тіпті экс-министр Біртановтың ісі сотта қаралып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталды. Енді сандарды сөйлетсек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының таратқан ақпарына бойынша екі жылда 49 646 адам коронавирус індетін жұқтырған. Бұл ресми дерек. Бірақ иіс пен дәм сезбей үйде қалған жандар бұдан да көп болуы мүмкін. Вирустың кесірінен 856 адам қаза тапты. Індетті жұқтырған науқастардың көп болуына байланысты Орал қаласында жаңадан жұқпалы ауруларға арналған модульды аурухана салынып, түрлі емдеу мекемелерде провизорлар жұмыстанды. Дәрігерлер ауруды тоқтатудың бір жолы екпе қабылдау деді. Өткен жылдың ақпанынан бастап медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен педагогтер екпе салдырды. Кейін барлық азаматтар жұмыс істеуі үшін вакцина алу қажет болды.

Қазіргі таңда елімізде коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған ережелер біртіндеп алынуда. Тіпті аты жыр болған "Ашық" қосымшасының да жұмысы тоқтатылды. Енді жасыл аймақтағы өңірлерде адамдарды жасыл, сары, көк деп бөлмейді. Ал, дәрігерлер болса, коронавирус тұмау секілді, адамдармен бірге жасайды,- дейді. Кімнің иммунитеті әлсіз, соның вирусты жұқтырып алу қаупі басым болмақ.

Суретте https://ru.wikipedia.org/ сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.