Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғам дертімен күрес

c 19:52, 16/04/2018 c 769

0:00 / 0:00

БҚО бойынша қаржы министрлігінің 10 қызметкері жемқорлықпен ұсталған. ал, Мемлекеттік кірістер департаментінің 3 қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп ұсталып, бас бостандығанн айырылған. Жегі құрттай жабысқан бұл дертпен күресудің амалын ұлттық бюро қызметкерлері ұсынып отыр.

Өткен жылы жүйелі түрде жалғасып келген 108 жемқорлық фактісі анықталған. 320 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке де тартылды. Өткен жылы барлығы 1835 жемқорлық тіркелсе, оның жартысы пара алу, ал жартысы мемлекет мүлкін ұрлау. Бұл қылмысты істейтінедер көбінесе әкімдік қызметкерлері, тәртіп сақшылары мен білім, денсаулық сақтау саласының мамандары дейді агенттік басшысы.

Осы қылмыстардың орын алуын агенттік басшысы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі салдарынан көріп отыр. Елімізде жемқорлықтан келген шығын көлемі 16 млрд теңгеге жеткен. Қазір облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментіінің бөлім басшысы Ермекқалиеваға қатысты іс жүргізілуде. Мемлекеттік қызметкер 200 мың теңге пара алған деп айыпталып жатыр. Жиын барысында қызметін асыра пайдаланған қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Курмангазы Кажиденов те жұртшылықты ала жіпті аттамауға шақырды.

Айта кетелік, жемқорлық фактілері жөнінде агенттікке 1424 бірыңғай желі арқылы хабарлауға болады.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.