Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кім жауапты?

c 17:14, 16/09/2020 c 642

0:00 / 0:00

Орал қаласының көшелеріне жол төсеу жұмыстары қарқын алғаны белгілі. Бірінде күрделі жөндеу жүргізіліп жатырса, көп бөлігіне жаңа асфальт салынуда. Десе де, кейбір жұмыстар сапасыз , баяу жүріп жатырғаны анық. БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Айтмағамбетовтің айтуынша, бүгінде 41 нысанда жұмыс жүріп жатырған көрінеді. Үш нысан, оның бірі келесі жылға қалғандықтан тоқтатылған болса, төрт нысан бойынша жұмыстар аяқталған. Қалғандарында құрылыс жүріп жатыр.
Ал "Шамшин" ЖШС жауап беретін Жәнібек және Гагарин көшесінен "Стройбат" дүкеніне дейінгі жол төсемінің құрылысы бойынша жұмыс актісін ұсынбаған. Әбілқайыр хан даңғылынан Завокзальный көшесіне дейінгі құрылыс нысанында асфальт бетон жабындысында қабыршақтану байқалады, ал люктің айналасында қоршаулар салынбаған. Тексеріс жұмыстары уақытылы жүріп жатыр. Алайда әзірге нәтиже аз, кемшіліктер болса сол күйінде.
Осындай кемшіліктерді тыңдаған өңір басшысы ақша табу мақсатында бірнеше нысанды қатар алатын мердігер комапанияларды жазалау керектігін қадап айтты.
Жиын барысында облыс әкімі орталық көше бойымен қатынайтын ауыр жүк көліктерін сынға алды. Салмағы бірнеше тонна болатын бұл көліктердің жол сапасына кері әсерін беретіндігі анық. Соған жауапты құзырлы мекемелерге тексеру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы өңірдегі жол құрылысына 11 млрд. теңге бөлінген. Жалпы 50 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 31 облыс орталығында жүзеге асуда.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.