Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КЕЛЕСІ ПРЕЗИДЕНТ АТА ЗАҢДЫ ӨЗГЕРТЕ АЛА МА?

c 17:38, 16/09/2022 c 1482

0:00 / 0:00

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы барысында Конституцияға тағы бір өзгерісті енгізді. Президент енді жеті жылға және тек бір мерзімге сайланатын болды. Әділет министрінің айтуынша, келесі Президент Ата заңды өзгерте алмайды. Басты заң құжатында тыйым салынған баптар бар. Осылайша президентті жеті жылға және тек бір мерзімге ғана сайлау туралы бап ешқашан өзгермейді деп сендірді Қанат Мусин. Алайда Ата заңымыз талай өзгеріске ұшырағанын біз жақсы білеміз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында 7 жылдық Президенттік сайлау туралы ұсынысын алға тартқан болатын. Алайда Тоқаев биыл кезектен тыс сайлау өткізгеннен соң, Президент мандатына қатысты 7 жылға және бір мерзімге сайлау туралы өзгерісті енгізетін болам деген еді. Бірақ біздің пысық депутаттар бұл шаруаны биыл тындырғанды жөн санады. Халыққалаулылары биыл күзде президент болып сайланатын адамға, 5 жылға сайланып алып, тағы 7 жылға түсуіне шектеу қою керек деген ұйғарымға келді. 7 жылға бір мерзімге келген Президент бәріне үлгереді дейді олар. Ал отыз жылда екінші президентке қолы әрең жеткен қазақстандықтар үшін бұл ең ұтымды норма дейді мәжілісмен Қазбек.

Осылайша Президенттік мандат қолына тиген ел басшысының жеті жылда жеке басының мүддесін ойлауға мұршасы болмайды деген сенімде депутаттар.

Бұл Конституциялық новелла биліктің монополиялану тәуекелін едәуір төмендетеді. Норманың өзгертілмеуін Конституциялық сот қадағалайды. Ата заңға енгізілген тағы бір өзгеріс – Конституциялық сот судьяларына қатысты болды.Заң жобасында Конституциялық соттың судьяларына қайта тағайындалуға шектеу қоя отырып, олардың өкілеттік мерзімін сегіз жылға дейін ұлғайту көзделген. Парламент депутаттары Конституцияға енгізілетін түзетулерді бірауыздан мақұлдап, заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.