Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Қазталов - Жәнiбек» тас жолы 2023 жылы аяқталады

c 17:14, 23/04/2021 c 628

Көктем келісімен жол жөндеуі мен тұрғын үй құрылысы қарқын алуы - заңдылық. Бүгінде Қазталов - Жәнібек бағытындағы республикалық автожолды жөндеу жұмыстары басталды. Аталған жоба ауыспалы, қазір былтырғы жұмыстар жалғасын табуда. Жалпы құны 38 млрд. теңгеден астам жоба 2023 жылы аяқталады деп күтілуде. Республикалық маңызы бар «Казталов - Жәнiбек» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарын 2 мердігер компания орындауда. 0-53 шақырымына дейін Юнисерв жөндесе, 53-138 шақырымына дейін Теміржолжөндеу мердігері жұмыс атқармақ. Аталған компания жөндеу жұмыстарын 2019 жылдың шілде айында бастаса, межелі жұмыстар 2022 жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде. Сонда барлығы 60 шақырым жолға асфальт-бетон жамылғысы төселеді. Бүгінде бұл шараға 70 техника мен 120 жұмысшы тартылған.Жалпы 148 шақырымды құрайтын бұл төрт жобаның сомасы 38 млрд. теңгені құрайды. Қазір барлық жобалар іске асырылу сатысында.
Кешегі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына қатысты кеңес өткізді. Онда мемлекет басшысы «Орал-Атырау» тас жолына ерекше назар аудару қажеттігін баса айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.