Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНҒА КЕЛІП ЖАТҚАН РЕСЕЙЛІКТЕР САНЫ АРТУЫ МҮМКІН БЕ?

c 16:57, 22/09/2022 c 1675

0:00 / 0:00

Ресейдегі жағдай шекаралас жатқан елдерді әбігерге түсіруі мүмкін бе? Ресей Президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жарияласымен-ақ, көрші елден шекаралас елдерге ағылып жатқан ресейліктер саны артуда деген ақпарат тарауда. Әлеуметтік желіде Қазақстанмен шекарада 10 шақырымдық кезек қалыптасты деген мәлімет те бар. Ресейде соғысқа қатысудан бас тартқан наразылық шерулер өтуде. Митингке шыққандарды ұстап әкетіп жатыр. Украинамен қатығысқа қатысқы келмейтін ресейлік азаматтар Еуропа мен Қазақстанға бас сауғалап қашып жатыр. Бұл жағдайда Қазақстанға келушілер саны артуы мүмкін бе?

Дегенмен, шетелдік азаматтарға елімізде тұрақты тұруын растайтын құжатты ол елдің рұқсатынсыз бермейді. Сенат төрағасының айтуынша, Қазақстанда бұл құжатты алу үшін кез келген басқа елдің азаматы өз мемлекетінен рұқсат алуы керек. Бұл талап еліміздің заңнамасында нақты белгіленген. Ал қазір жаппай келіп жатқан ресейлік азаматтар тек уақытша тұруға ғана рұқсат ала алады. Біздің елде тіркеусіз бір ай жүре алады. Сенат спикері Украинадағы әскери қақтығысқа қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты.

Ресей мен Украина арасындағы теке-тірес басталғалы, елімізге ағылып келіп жатқан ресейліктер саны да артты. Бұл үрдіс Қазақстанда пәтер бағасының қымбаттауына әкеп соқты дейді сарапшылар. Жалдамалы пәтердің де бағасы шарықтап кетті. Жарнама беттерінде Алматы қаласында бір бөлмелі жалдамалы пәтерді сегіз жүз мың теңгеге ұсынып отырғандарды көзіміз шалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.