Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН АҚШ-ПЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

c 17:25, 20/09/2022 c 1914

0:00 / 0:00

Қазақ басшысының алып ел –АҚШ-қа сапарында американдық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі өтті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапармен Нью-Йоркте жүргенін еске салғымыз келеді. Бұл кездесуде IT cаласында адам капиталын көтеру және Қазақстанда технологиялық хаб құру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ, білім беру, мемлекеттік қызметкерлердің кәсбилігін көтеру мәселелері де сөзге тиек етілді. Ақорданың хабарлауынша, Президент Тоқаев инвесторларды Қазақстанға шақырды. АҚШ-тың Қазақстан экономикасындағы негізгі инвесторлардың үштігіне кіретінін ескерсек, бұл кездесулер біздің ел үшін маңызды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Менің командамның инвестиция тартудағы тәжірибесі мол. Бұл компанияларыңызға аймақтың ең жылдам дамып келе жатқан экономикаларының бірінде бизнес жүргізуді жеңілдетеді. Бүгінгі кездесу сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ілгерілетуде, сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуда нақты қадам болады деп сенемін»

Мемлекет басшысы Boeing, Exxon Mobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сынды трансұлттық компаниялардың басшыларымен, сондай-ақ сарапшылық топтардың өкілдерімен де кездесті. Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, 2005 жылдан бастап елімізге АҚШ-тан тартылған тікелей инвестицияның жалпы көлемі 48,8 млрд долларды құрайды. Бұл - Қазақстанға тартылған барлық шетелдік инвестициясының шамамен 13,5%-ы. Негізінде американдық компаниялар еліміздің тау-кен өндіру секторына басымдық жасайды. Бұл салаға құйылған шетел инвестициясының шамамен 30%-ы АҚШ-қа тиесілі. Ағымдағы жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 695 американдық компания ісін жүргізіп отыр. Биыл Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд долларды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,1 млрд долларға көп.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.