Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ӘРІПТЕСТІГІ

c 09:07, 30/05/2022 c 491

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылы Қазақстан мен Қырғызс елдерінің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толып отыр. Көрші мемлекетпен барлық салада өзара байланысты нығайта түсу тағы айтылды. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған үкімет мүшелері қырғыз жерінде болып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдениет, логистикалық тағы да басқа маңызды салалар бойынша келіссөз жүргізді. Ендігі мақсат қазақ-қырғыз елдері арасындағы тауар айналымын 2 миллиард долларға жеткізу. Ал бүгінде бұл көрсеткіш 1 миллиард долларды құрап отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегацияның көрші қырғыз еліне сапары жоғары деңгейде өтті деп хабарлайды Ақорда. Себебі, биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толып отыр. Бұл жылдары екі ел арасында экономика, мәдениет, инвестиция саласындағы ынтымақтастық орнаған. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Президенті Садыр Жапаров Бішкекте келіссөз жүргізді. Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін жеткізуді талқылады. Бүгінде қазақ-қырғыз елдері арасында тауар айналымы 1 миллиард долларды құрап отыр.

Қырғыз еліне сапар барысында сауда-логистикалық индустриялық кешеннің негізі қаланды. Бұл қадам өндірістік байланыстар мен сауда-саттықты жандандыруға жол ашады деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ өзара сауда айналымын қысқа мерзімде едәуір ұлғайтуға мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде Қазақстан Қырғыз еліне импортталатын жүздеген тауар түрін ұсына алады. Сонымен қоса Қазақстан жағы өнеркәсіп өнімдерін және басқа да тауарларды экспорттауға дайын екенін тілге тиек етті. Бүгінде жолаушыларға сапалы қызмет көрсете бастаған «Қордай» бекеті сияқты басқа да бекеттерді жаңғырту туралы келісімдерге келді. Басты мақсат – шекарадағы тексерістерді азайтып, көлік кептелісін жою деді президенттер. Өз кезегінде қазақ басшысы әріптесіне елде орын алып жатқан саяси өзгерістерді айта кетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.