Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіподақ жұмысы жетіледі

c 16:04, 21/02/2019 c 542

0:00 / 0:00

Бүгін облыс әкімдігінде өңір басшысы Алтай Көлгінов пен ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымның қатысуымен жиын өтті. Басқосуда қарпайым еңбек адамының құқығын қорғаушы ұйым кәсіподақтар жұмысын жетілдіру жолында атқарылуы тиіс бірқатар мәселелер қаралды. Бас қосу барысында Бақытжан Әбдірайым кәсіподақтар федерациясы 22 ірі салалық кәсіподақтар мен 16 аумақтық кәсіподақтар бірлесіп, 2 миллионға астам жұмысшы азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін ұйым екендігін айтып өтті. басшысы кәсіподақ ұйымының облысымыздың әлеуметтік ахуалын тұрақтандыруда маңызды қызмет атқаратын, жергілікті билік, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы әлеуметтік әріптестік қалыптастырып, еңбек қоғамын дамытудағы ерекше рөлін атап өтті. Бүгінде өңір бойынша 75 мыңнан аса жұмысшынының құқығы кәсіподақтар арқылы қорғалуда. Сонымен қатар басқосуда федерация төрағасы жиынға қатысушыларға жаңадан сайланған облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспиховты таныстырды. Осы күнге дейін аталған қызметті атқарған Ербол Салықовтың жұмысына оң баға беріп, алғысын білдірсе, обфлыс әкімі өз кезегінде өңір дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін Ербол Салықовқа ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттап, жаңадан сайланған облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының жұмысына сәттілік тіледі Айта кететін бір жәйт енді шағын және орта кәсіпкерлік саласында кәсіподақ ұйымдарын құру мәселесіне баса назар аударылуда. Егерде жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шартының бұзылмауын қамтамасыз етітін ұйым құрылмаған жағдайда кәсіп иесі аса ірі көлемді айппұл төлеуі ықтимал. Сондай ақ, жиында ел бойынша қолға алып жатырған көп балалы, аз қамтылған отбасыларына қолдай көрсету жайы да талқыланды. Осы орайда Бақытжан Әбдірайым еңбек етіп жүрген көп балалы аналарға үстеме ақы төлеуді және олардың жұмыс уақыттарын мүмкіндігінше қысқарту шаралары қаралып жатырғанын мәлімдеді. Шара соңында бастаған жұмысты кеңейтіп, алға қойған міндеттерді орындау мақсатында республикалық салалық кәсіподақ ынтымақтастығымен облыстық әкімдігі арнайы меморандумға қол қойды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.