Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәсіпкерлер қар тазалау шараларын ұйымдастыруы тиіс

c 17:11, 26/01/2022 c 1642

0:00 / 0:00

Кәсіпкерлер өз аумақтарындағы қар мен төбедегі мұздақтарды тазалап, бір орынға жинап, коммуналдықтардың алып кетуіне жағдай жасауы тиіс. Бұл туралы қала әкімдігінің мамандары хабарлады. Күні бүгінге дейін шаһар аумағынан 350 мың текше метр қар шығырылыпты. Ақ ұлпа қардың мөлшері биыл жылдағыдан әлде қайда мол түсіпті. Атап айтқанда облыстың батысы мен оңтүстігінде қар нормадан бірнеше есеге қалың көрінеді. Әзірге өңірде атмосфералық қысымның жоғары болуы себепті қатты аяз күтілмейді. Алайда облыс орталығында қар тазалау жұмыстары екі аусымда жүзеге асырылуда. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандары Оралдағы бизнес нысандарына қар шығару жұмыстарымен өздері шұғылдану керектігін айтады. Күні бүгінге дейін 124 кәсіп иесіне ескерту үн парақтары жіберіліпті. Айта кеткен жөн коммуналдық шағымдар 109 байланыс телефоны арқылы да қабылданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.