Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантиндегі той

c 17:54, 16/11/2020 c 538

0:00 / 0:00

Орал қаласында мониторингтік топ той жасап жатқандардың үстінен түсті. Топ өкілдерінің айтуынша, мониторинг барысында 14 қараша күні шектеу шараларын бұзушылықтың бес дерегі анықталды. Соның ішінде «Айбат» мейрамханасында үйлену тойы болып, 60-70-тей адам жиналған.

"Той десе қу бас домалайды» демекші шектеулерге қарамастан мерекелік шараларға ағылған халықтың қарасы азаймай отыр. Мониторингтік топтың уақытпен санаспай той томалақ пен отбасылық шаралардың орнын анықтап, жиындарды тарқатып жібергеніне қарамастан бұл бағыттағы жұмыстар әлі де нәтижесіз. Халық аурудың күннен күнге өршіп жатқанын біле тұра сенбі, жексенбі күндері жиын жасауды жалғастыруда. Өздеріңіз көріп тұрғандай «Айбат» мейрамханасында үйлену тойына жиналған 60-70-тей адам бет әлпеттерін жасырып бағуда.Сондай-ақ Некрасов көшесі 47 мекенжайында орналасқан коттеджде отбасылық шараның өтіп жатқаны белгілі болды. Оған отыз шақты адам қатысқан. Тағы екі дерек- дүкендерде термометрияның жоқтығы және арақашықтықтың сақталмауына қатысты тіркелді. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану нысаны жұмыс істеу уақытын бұзған. Барлық материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін Орал қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданыпты.Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да карантин талабын бұзғандарға 21 млн теңге айыппұл салынған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.