Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин талаптарын орындамағандар айыппұл төлейді

c 17:32, 01/04/2020 c 632

Полиция қызметкерлері екінші сәуірден бастап карантин уақытында без-берекет көше кезіп, туған туыстарын аралап жүрген жандарды әкімшілік жауапкершілікке тартады. Азаматтар тек дүкенге, дәріханаға немесе жұмысқа баруы үшін көшеге шыға алады. Оралдықтар жұмысқа баруы үшін қызмет орынынан арнайы анықтамасын бірге алып жүруі шарт. Жұқпалы кеселдің таралмауы үшін көшеде жүру тәртібі де өзгеріп отыр. Енді батысқазақстандықтар қоғамдық орындардың барлығында медициналық маска, қолғап пен бас киімді киіп жүруі шарт. Тиісті талаптар орындалмаса құқық қорғау саласының қызметкерлері ескерту беріп, арнайы хаттама толтырады. Тәртіп бұзған азаматтар әкімшілік құқық бұзушылықтың 476- бабы бойынша айыппұл төлеп, он бес күнге дейін қамауға алынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.