Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаңғыбас иттер

c 16:20, 22/09/2020 c 549

0:00 / 0:00

Қазақ халқы итті жеті қазынаның біріне балаған. Алайда бүгінгі таңда күшіктей асырап алған кәрі иттерін далаға қаңғытып жіберетін жауапсыз қожайындар көбейген. Саяжайлары күзетуге апарған төбеттер ашығып, еріксіз үй жануарларына ауыз салып жатыр. Иесіз кеткен бұралқы ит тұрғындарға шауып, айналасына қатер төндіруде. Желаев ауылының тұрғыны Лунара Нұржанованың басынан өткен оқыс оқиғасы осы сөзімізге дәлел. Айтуынша, қаңғыбас иттер оның үй құстарын қырып кетіпті. Бұндай жағдай тамыз айынан басталған.
Осы жайт бойынша Лунара ханым ауыл әкімдігіне және учаскелік инспекторға арызданыпты. Бірақ ешқандай шара қолданылмаған.
Иесіз жүрген бұралқылардың ауылда көбейіп кеткенін билік өкілі де растап отыр. Желаев ауылдық округінің әкімі Арман Бисембалиев қаңғыбас иттердің басым бөлігі ауылға жақын орналасқан саяжайлардан келетіндігін айтты.
Иесіз иттің жағдайына келгенде шаһар тұрғындарының пікірі екіге бөлінеді. Бір тарап бұралқы ит бұқараға шауып, берекетті алды, олардың көзін жою керек десе, енді біреулері қамқорлыққа зәру жануарларды атпай-ақ, аулап, арнайы орын ашып, сонда ұстау керек дейді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.