Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЙРАТ САТЫБАЛДЫ КІНӘСІН МОЙЫНДАДЫ

c 17:30, 20/09/2022 c 1555

0:00 / 0:00

Астанада экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды. Айта кету керек сот отырысы онлайн режимде өтті. Айыпталушы Сатыбалдының өзі сотқа онлайн қатысты. Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 195-бабы яғни алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру және 189-бап ( сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айыпталып жатыр. Сотқа тартылып жатқан Қайрат Сатыбалды сот отырысы барысында бейнебайланыс арқылы туған-туыстарымен сөйлесіп, олар камераға түспеуді айтты. Сот отырысы барысында мәлім болғандай, "Қазақтелеком" АҚ-ның және "Көлік сервисі орталығы" қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отырған Қайрат Сатыбалды компанияға келтірген 40 млрд теңге шығынды өтеуге медициялық келісімге келді. Айыпталушылардың қорғаушысы олар өз кінәсін мойындайтынын айтты. Оның ішінде 12 млрд теңгені Қайрат Сатыбалды өтейді. Қалғанын Сатыбалдының сыбайластары өтейді. Ал өзіне тағылған айып бойынша, қарыздың бір бөлігін қашан қайтарасыз деген журналистердің сұрағына сот аяқталмай, түсініктеме бермейтінін айтты. Онлайн режимде өткен сот отырысынан видео-аудио түсірілімді жариялауға шектеу қойылды. Естеріңізге салсақ, осы жылдың наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыны Алматы әуежайында Дубайға ұшпақшы болған сәтінде ұстаған болатын. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінді. Кейін агенттік оның басқа да қылмыстарға қатысы барын тексерді. Ал тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ және "Көлік сервисі орталығы" АҚ-ның қаржысын ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтап сотқа жолдағанды. Айыпталып отырған Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынғаны мәлім. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталып жатыр.Тергеу кезінде айыпталушылардың 240 миллиард теңгеден яғни 500 миллион доллардан астам заңсыз активтері мен қаржысы мемлекетке қайтарылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.