Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИЛЬИН ОСТАВКАҒА КЕТЕ МЕ?

c 14:34, 22/09/2022 c 1563

0:00 / 0:00

Қостанай облысында бір аптаға созылған алапат өрттің салдарынан 43 мың гектарға жуық орманды алқап жанып кеткені мәлім. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам іс-түссіз жоғалып кетті. 11 адам жарақат алды. 100-ге жуық үй өртке оранып, екі мың адам баспанасыз қалды. Қостанайдағы орман өрті қасақана қойылған деген күман да жоқ емес. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Үкімет кулуарында берген сұхбатында тергеу жүріп жатқанын айтты.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ «Өкінішке орай адами факторды да жоққа шығара алмаймыз. Прокуратура бірнеше бап бойынша іс қозғады. Қасақана өрт қою, абайсызда өрт кетуі мүмкін».

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орын алған тілсіз жаудың салдарын жою жұмысы жүріп жатыр. Баспанасыз қалған ауыл тұрғындарына үй салып беріп, мүлік, мал шығынын өтеп беруге облыс әкімдігі уәде берген еді. Өкінішке орай Қостанайда орын алған орман өртін ауыздықтай алмай жатқан кезде еліміздің бірнеше өңірінде өрт болған еді. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәселені реттей алмай жатыр деп сынға ілікті. Тіпті Ильин отставкаға кетуі керек деп талап еткендер де бар. Бас құтқарушы оның тағдырын Президент шешетінін айтты.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ «Менің лауазымыма қатысты шешімді ел басшысы мен үкімет шешеді. Егер олар менің құзыретім жеткіліксіз деп тапса, менің отставкам туралы шешім қабылданады. Тиісінше, отставкаға кетемін»

Еске сала кетсек, Қостанай облысындағы алапат өртке қатысы бар Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысына лауазымын теріс пайдаланып, ауыр зардапқа әкеп соқтырды деген айып тағылды. Сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді. Тергеу жалғасуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.