Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ғаламтор желісі арқылы алаяқтық жасайтындар азаймай тұр

c 15:36, 22/02/2019 c 897

 

0:00 / 0:00

Ғаламтор желісі арқылы алаяқтық жасайтындар азаймай тұр.БҚО ПД мамандары тұрғындарды мұқият болуға, жеке бастарына қатысты ақпараттарды кез - келген адамға айтпауға шақырады.БҚО аумағында ұйымдастырылған "Hi - tech" жедел профилактикалық шарасы аясында интернет алаяқатрына қатысты 12 іс тіркеліпті.БҚО ПД өткен кездесу барысында басқа сұрақтар да талқыланды. Брифинг барысында талданған бірінші сұрақ террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне жүргізілетін тексерістер мәселесі.Халық көп жиналатын кез- келген орын , мейрамхана, қонақ үй, түнгі клубтарды полиция өкілдері кез - келген уақытта тексеруге құқылы.Тіпті тексеріс жүретіндігі жөнінде алдын ала хабарлауға да міндетті емес.Мұндай тексеріс жылына бір рет жүргізіледі.Сондықтан да мейрамханалар мен қонақ үйлердің иесі бұған түсіністікпен қарауы керек.Бүгінде террористік тұрғыдан осал обьектілер санатында 710 обьекті бар делінеді.Оларға жүргізілген тексерістер барысында бірнеше заң бұзушылықтар анықталып 42 обьектінің иесіне айыппұл салынған.
Мұндай обьектілердің қатарына мектептер , балабақшалар, ауруханалар мен емханалар да жатады.Тіпті мемлекеттік мекемелердің де кейде талапқа сай келмей жататын тұстары болып тұрады дейді мамандар.Брифинг барысында қозғалған екінші мәселе бұл адамдардың алаяқтардың торына жиі түсуі болды. Қазір жоғары технологиялар дамып кеткен заманда адамдар ғаламтор желісі арқылы сауда жүргізеді, түрлі төлемдер жасайды, ал осыны алаяқтар жақсы пайдаланады. Ақпан айының 19-20 күндері "Hi - tech" жедел алдын -алу іс шарасы ұйымдастырылған. Ғаламтор желісі арқылы алаяқтарға алданғандардың ісін ашу біраз уақытты талап етеді, себебі көп жағдайда алаяқ басқа қалада немесе басқа мемлекетте отыруы мүмкін.
БҚО полицейлері осы ғаламтор алаяқтарына қатысты істерді ашу мақсатында Астана, Павлодар, Қарағанды, Балқаш, Алматы, Тараз, Ақтөбе қалаларына барып, жұмыс жүргізген кездері болыпты. Ғаламтордағы алаяқтарға алданбай, мұқият болыңыздар деді полицей өкілдері.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.