Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Европа және Азия-2018" туризм фестивалі өтіп жатыр

c 16:53, 20/09/2018 c 1077

0:00 / 0:00

Облыстық білім басқармасының жоспарына сай дәстүрлі түрде өтетін білім қызметкерлері арасындағы туристтік фестиваль биыл да өз жалғасын тапты."Европа және Азия-2018" деген атау алған бұл фестиваль биыл 21-ші мәрте ұйымдастырылмақ. Негізгі мақсаты білім қызметкерлері арасында туристік-өлкетану қызметі бойынша озық тәжірибе жинақтау және насихаттау.

Фестивальға ЖОО –ның мұғалімдері, колледж, мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, Орал қаласының, облыстық, республикалық және басқа аймақтардан білім беру қызметкерлері қатыса алады. Сондай жанның бірі Ақтөбе қаласының Мәртөк ауданынан келіп отырған Ислам Қайсанов.

Биылғы туризм фестивалі 22 команданы қамтып отыр. Фестиваль бағдарламасы аясында жарысқа қатысушылар кіші кросс жорығына жүгірумен қатар, спорттық ойындар және таныстырылым ретінде КТА ойындарын көрсетеді.

Айта кетейік, дәстүрлі түрде 21-ші мәрте өтіп жатырған туристік фестиваль 4 күнге созылмақ.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.