Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Етік тігуге тері керек

c 17:24, 13/08/2019 c 923

0:00 / 0:00

Екі жыл бұрын елді түгел етікпен толтырып, аймақ тұрғындарын аяқ киіммен қамтамасыз етеміз деген семіз үмітпен ашылған тігін кешені қазір тоқтап тұр. Кәсіпорын басшылығы мұның себебін жоғары сапалы терінің тапшылығымен байланыстырады. Өрісі мыңғырған малға толы өз өңірімізден былғарыға сапалы терінің табылмауы қалай? Жуырда ғана Президенті Тоқаев өзіміздің отандық өнімдерге қолдау көрсету мақсатында елде тігілген туфли сатып алып, бүткіл елге үлгі көрсеткен. Осы орайда, аймақ тұрғындарының отандық бәтеңке сатып алуларына ынталары ауғанмен аяқ киім табылмай отыр. Осынау аяқ киім фабрикасы бұдан екі жыл бұрын іске қосылып, күніне жүздеген бәтеңке тігуге кіріскен. Содан бері мұнда бар болғаны 3 мың жарым дана аяқ киім тігіліп, дайын өнімнің 30 пайызы ғана саттыққа шығарылыпты. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 700 бас ірі қара мен 2 жарым мың қой терісін өңдеуге есептелген. Тігін кешені әр ауысым сайын 800 дана аяқ киім тігуге қауқарлы болғанмен азір қаңтарылып тұр. Себеп сапалы өнім шығаруға алдымен дұрыс шикізат керек екен. Былтыр зауытта өңделген жартылай фабрикат Түркия, Италия және Испания мемлекеттеріне экспортталыпты. Дегенмен сапалы өнім өндіруге жоғарғы дәрежелі тері табу қиын. «Бұған басты себеп шаруа қожалықтары бағымындағы малдың күтіміне мән бермейді. Сойған кезде теріні бүлдірмей алу да өзекті мәселенің бірі»,- дейді мамандар.Өңірде жеңіл өнеркәсіптің өрістеуіне қолайлы алғышарттар бар. Жыл санап шикізат көзі саналатын мал басы жүздеп-мыңдап артып келеді. Былтыр аймақтың жеңіл өнеркәсіп саласында 1 миллиард 300 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Мамандар: Бұл - осыдан екі жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 1 жарым есеге артық», - деп мақтанады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.