Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ет бағасы шарықтап кетті

c 18:04, 22/02/2018 c 840

0:00 / 0:00

БҚО-да 2017 жылы барлық тауарлар мен қызметтерге инфляция 6,7 пайызды құраған. Ал азық-түлік тауарларының бағасы 6 жарым пайызға көтерілгені байқалуда. Азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 108,5 пайызды құрап, бәрінен бұрын сиыр етінің бағасы шарықтап кетті.

Ет сатушылар бағаны жеткізушілер белгілейтінін айтады. Бір кг. сиыр етінің базардағы құны 2 мың теңгенің айналасы. Ал былтыр 200-300 теңгеге төмен болатын.
Сатушылар барлық өнім қымбаттағанда еттің құны өсуін заңды құбылыс деп қабылдайды. Тұтынушылар да бұған мойынсұна бастаған.
Ауыл шаруашылығы басқармасы облыста еттің бағасы өзге облыстармен салыстырғанда қымбат дегенмен келіспейді. Мал саны жыл санап өсуде, инфляцияның ықпалымен ет бағасы өсті. Бірақ біз облыс қажеттілігін қамтуға қауқарлымыз дейді.
Бағаны түсіру үшін ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік қорын шығармақ. Мәселен өңірдің тұрақтандыру қорына 10 тонна ет сатылып алынғанын мәлімдеп, бұл аз да болса, етті арзандатуға сеп болады деп үміттенуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.