Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН БІРНЕШЕ АЗАМАТ ҰСТАЛДЫ

c 17:04, 29/07/2022 c 1718

0:00 / 0:00

Орал қаласының полицейлері 2 күн ішінде есірткі қылмысын жасады деген күдікпен 4 адамды анықтады. Облыстық ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296 бабы 2-бөлімі және 297 бабының 1-бөлімі бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

"Қара сора" Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында қала тұрғынына "альфа-пирролидиналерофенон" синтетикалық есірткі құралын сатты деген күдікпен 2003 жылы туған "В" есімді азамат ұсталған. Тінту барысында Кердері көшесіндегі пәтерден электронды таразы мен 83 дана пакет, сондай-ақ құрамында ерекше иісі бар көк түсті зат салынған пластикалық ыдыс табылып, тәркіленген. Сондай-ақ есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану айыбы бойынша тағы 3 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның екеуі қала көшелерінде ұсталды. Полицейлер олардан ерекше иісі бар жасыл-қоңыр түсті заттарды тәркілеп, сараптамаға жіберді. Тағы бір азаматтан тәртіп сақшылары ерекше иісі бар өсімдік тектес қоңыр түсті қатты заты бар 10 бума тапқан. Күдіктілердің есірткі қылмысын жасағаны дәлелденсе, олар бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.