Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды

c 19:52, 31/05/2018 c 1325

0:00 / 0:00

Бүгін, 31 мамыр саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн басқа күндерден ерекше. Бұл қаралы күн саналады. Бұл күн тарихта қызыл қанмен жазылған жылдардың құрметіне берілген күн. Дәл осы күні әрбір есі дұрыс, саналы азаматардың бәрі елі үшін, жері үшін құрбан болған боздақтарға аранп құран бағыштап, қайғыра еске алатын күн. Бүгін облыс элитасы боздақтарды еске алып, тарих парағына үңілген күн болды.

Өткен ғасырдың 20-50 жылдары аралағында Кеңес үкіметі контр революциялық немесе антисоветтік деген жалған айып тағып, млн.даған азаматты жер аудартып, бірнеше мыңын ату жазасына кескен еді. Сол саяси қуғын-сүргіннен қатты зардап шеккен халықтың бірі қазақ халқы болатын. 1925 жылы қазақ жерін басқаруға келген Голощюкин өңірдегі жағдайды сараптай отырып, екінші қазан төңкерісін ұйымдастыруды қола алады. Қолдан жасалған аштық, кейін қазақ халқының интелегенциясын жаппай құрту осы саясаттың жемісі болды. Ахмет Байтұрсынов өткен ғасырдың 20 жылдары қазақ халқының саны 6 млн.-ға жеткенін жеткізген еді. Алайда, солақай саясаттың салдарынан қазақ халқының саны аштық пен репрессия кезінде 2 млн.болып қалғанын тарихи кітаптардан белгілі болды. Қазақ халқының сауатын ашып, оны емдеумен айналысқан жандардың баршасы репрессияның құрбаны болып, ату жазасына кесілді.

Қазақ халқы үшін аянбай еңбек етіп, сол кезде саясаттың құрбаны болған боздақтар тәуелсіздік алған тұста ақталып шықты. Елбасының 2007-жылғы 5 сәуіріндегі бұйрығына сәйкес, 31-мамыр саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандарды еске алу күні болып табылады. Аталмыш дата биылғы жылы 21-ші рет аталып өтті. Облыстың зиялы қауымы бүгін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жандарға арнап бой көтерген ескеркішке барып, бақилық болған жандардың рухына құран бағыштап, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.