Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ерлік те, ерлік көрсеткен ер де ұмытылмайды

c 10:41, 05/02/2018 c 1100

0:00 / 0:00

Ерлік те, ерлік көрсеткен ер де ұмытылмайды. Биыл «Сталинград шайқасының» аяқталғанына 75 жыл. Осы бір қанды қырғын тоқтағаны 80 жылға жуықтаса да, соғыс салған жара әр көкіректе сайрап жатыр. Біреудің әкесі, біреудің атасы осы соғыста қаза тапты. Мұндай ерлік көрсеткен батырларын респбликаның генералдар кеңесі ешқашан ұмытпақ емес. Осы дәстүр бойынша Орал қаласына ат басын бұрған Қазақстанның генералдар кеңесінің мүшелері мәңгілік алау алаңында болып, боздақтарға тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Сталинград шайқасы екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басты шайқастардың бірі. Осы соғыста талай боздақ оққа ұшты. Азғантай уақыттың ішінде елдің бірлігі мен тірлігі сынаққа түскен кезең болды, әсіресе осы біздің Батыс Қазақстан облысы сталинград шайқасы кезінде жауынгерлерге көп көмек берген облыстардың бірі дейді, - генералдар кеңесінің төрағасы Рүстем Есімханұлы.

Ұлы отан соғысы кезінде жауынгерлердің қатарында өлермен еңбек еткен біздің ару қыздарымыз да бар. Сондай қыздардың бірі Мәншүк Мәметова ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Ескертшкіне гүл шоқтарын қойған генералдар Мәншүк Мәметова атындағы музейде болып, Мәншүк әлемімен жақынырақ танысты.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.