Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ережесіз жекпе-жек

c 17:33, 03/09/2019 c 1534

0:00 / 0:00

Оралда тұңғыш рет кәсіпқой аралас жекпе-жектен «OCTAGON GLOBAL-2» турнирі өтеді. Ержесіз жекпе-жек саналатын бұл спорттық дода қала меркесі күні аясында 14-ші қыркүйекте «Мұз айдыны спорт сарайында» өтеді деп жоспарланып отыр. Оған Ресей, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр түкпірінен жекпе-жек майталмандары қатысатын болады. Бұл халықаралық шара «OCTAGON PROMOTION» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен, ҚР жауынгерлік жекпе-жек ассоциациясы мен Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің, Орал қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілгелі отыр. Басты жекпе-жекте Батыс Қазақстан өңірінің тумасы, аралас жекпе-жек алаңында жеңіліс тауып көрмеген, OCTAGON лигасының қазіргі таңдағы 56,7 салмақ дәрежесіндегі чемпионы Алтынбек Мағаз бен оның қарсыласы бұған дейін жеңілістің дәмін татпаған алматылық Азат Мақсұм арасындағы текетірес болып отыр. Сонымен қатар, сегізбұрышқа Аслан Өтеғалиев, Сұлтанбек Меңдібаев, Виталий Железнов, Евгений Назаров, Жігер Жұмашев сынды оралдық файтерлер шығып ел намысын қорғайтын болады. Негізінен бұл спорт түрі елімізде қарқынды дамыса, өңірде енді ғана қанат жайып келеді. Оған қызығушылық танытатындар саны - 600 ден асқан. Турнирге қызығушылық танытып, бақтарын сынамақ ниеттегілер қатары көп дейді сала мамандары. Бәсекеде оқ бойы оза шапқандарды бағалы сыйлықтардан бөлек, ақшалай сыйақылар күтіп тұр. 3 раундтан тұратын жекпе-жекте қауіпсіздік шаралары толықтай қамтамасыз етілген. Ал оған кіру құны 1000 теңге.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.