Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«English for Jastar» жобасы Оралда

c 12:52, 22/11/2018 c 636

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Болашақ» Қауымдастығы қолға алған «English for Jastar» жобасы Оралда сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба бойынша АҚШ, Еуропа мен Азия елдерінің ағылшын тілді мамандары және осы тілді жетік меңгерген қазақстандық студенттер балаларға сабақ беруде.Тың бастама облыстың алты ауданындағы жоғары сынып оқушыларын қамтыған. Кейін облыстағы өрендерге түгелдей тіл үйрету жоспарда бар. Осылайша, жоғары сынып оқушылары сабақтан тыс уақытында күніне 2 сағат ағылшын тілін үйреніп жүр.Енді оралдық еріктілердің қатарына Пәкістан елінен келген Джадун Аймалхан да қосылды. Қазір ол ауыл балаларына ағылшын тілінен қосымша дәріс береді.

 АЙГЕРІМ ҒИЛЖАНОВА,«ЖАС ОТАН» ЖҚ БҚО ФИЛИАЛЫ МЕНЕДЖЕРІ: - Ағылшын тілі барлық мектептерде жүргізіліп жатады ғой. Бірақ, біз осы шетелдік азаматты әкелген себебіміз, ол оқушыларға жаңаша формат әкеле алады.

Ұйымдастырушылар жастар ағылшын тілінде сөйлейтін азаматты көрген кезде онымен сөйлесіп, сұрақтарын қойып, ерекше әсер алып тіл жетілдіруге тырысатын болады деген үмтітте.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.