Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек-бәрін жеңбек!

c 17:17, 05/11/2020 c 617

0:00 / 0:00

Жұмыссыздық мәселесі әрбір адамды толғандыратыны белгілі. Президент "екі қолға бір күрек" таба алмай жүрген жандарды қызметке орналастыру керектігін айтып, тіпті түрлі мемлекеттік бағдарламаларды іске қосқаны да есімізде. Қазіргі таңда "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске асып жатыр. Аталмыш бағдарлама 2017 жылы басталып, бүгінде жұмысынан қағылған азаматтарға жәрдемдесу үшін қолданылуда.

Елімізде қызметінен қысқарып, жұмыс таба алмай жүрген жандардың санын азайту мақсатында "Еңбек" бағдарламасы іске қосылған-ды. Аталмыш бағдарлама үш бағыт бойынша жұмыстанып келеді. Бірінші бағыт азаматтарды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту. Қазіргі таңда облыс аумағында жүздеген адам қысқа мерзімді және техникалық білім алып, жаңа мамандық игеріп шықты.

"Еңбек" бағдарламасының екінші және үшінші бағыты бойынша азаматтарды кәсіпкерлікке баулу көзделген. Яғни, "Бизнес бастау" арқылы оқытып, қайтарымсыз грант пен арзан несиемен беріледі. Былтыр кәсіп жүргізудің қыр-сырын меңгеріп, биыл грант иегері атанған жанның бірі- Гүлсан Тнешова. Ол бүгінде компьютерлік қызмет көрсетеді.

Жас кәсіпкер келешекте кәсібін кеңейту армандайды. Ол үшін тынбай еңбектеніп, үнемі ізденісте болуға дайынмын,-дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.