Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елордалық дәрігерлер Оралға келді

c 17:02, 17/10/2018 c 669

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда 918 бүлдіршін жүрек дерті бойынша есепте тұр. Сала мамандары биылғы жылы 29 балақайдың науқасқа шалдыққандығын анықтапты. Сырқат жандардың 43-іне Астана қаласында ота жасалған. Кеселді уақытылы әрі тез анықтау науқастың өмірін ажалдан аман сақтап қалуға мүмкіндік береді. Осы орайда елордалық дәрігерлер арнайы кеңес беру үшін Орал қаласына келіп отыр.

Сырқаттың қай қайсысы да адамды алаңдатып, біраз әуре сарсаңға салатыны белгілі. Ал, балалар кеселге шалдықса қайғының өзі екі еселенетіні сөзсіз. Медицина дамыған шақта, балалардың түрлі кеселден көз жұмып жатқандығы өкінішті-ақ. Сала мамандарының келтіріп отырған дерегіне сүйенсек, балалардың өліміне себеп болатын фактінің бірі бүлдіршіннің дүниеге келісімен жүрегінен алған жарақаты екен. Бұл өлім жітімнің 53 пайызын құрап отыр.

Елордадан арнайы мамандар Оралға жылына екі рет науқастарды тексерістен өткізіп тұру үшін келеді. Астаналық дәрігерлер келген сайын сырқат бүлдіршіндердің саны азаймай тұрғандығын жеткізді. Дәрігерлер 80 науқасты тексерістен өткізіп, 15 балақайды шұғыл ота жасауға шақырып отыр.
Ақ халатты жандар балалардың түрлі жүрек кеселіне шалдығуына себеп көп деседі. Олардың қатарында экология мәселесі де бар. Сала мамандары әйел адамдар жүктілікті жоспарламайды, сол себепті денсаулығында кінәраты бар бүлдіршіндердің қатары көбейіп келеді дегенді айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.