Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДА АТАУЫН ӨЗГЕРТУГЕ ҚАНША ҚАРЖЫ ЖҰМСАЛАДЫ?

c 19:33, 15/09/2022 c 1663

0:00 / 0:00

Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты бас қалаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысты қолдап дауыс берді. Естеріңізге сала кетейік, елорда атауын ауыстыру туралы ұсынысты Парламенттің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы алға тартқан болатын. Депутаттардың ұсынысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Бүгін мәслихат депутаттары аталмыш мәселені талқылап, қоғамдық кеңес мүшелері елордаға бұрынғы атауын қайтаруды қолдады. Осы ұсыныс аясында Қалалық ономастика комиссиясына қала атауын ауыстыруға қатысты 17 ресми ұсыныс түскен. Сондай-ақ, комиссия Нұр-Сұлтан атауынан бас тартуға қатысты әлеуметтік желідегі ұсыныстарды назарға алған. Целиноград - Ақмола-Астана-Нұр-Сұлтан деп атауы төрт рет ауысқан елордамыз қайтадан Астана болмақ. Үш жыл бұрын тарихи қателік жасалғанын комиссия мүшелері мойындап отыр.

Естеріңізде болса 2019 жылы елордаға Нұр-Сұлтан атауы берілгенде халық қарсылық білдірген болатын. Тіпті ереуілге шығып наразылық танытқан еді. Заңсыз митингке шыққандар қамауға алынғаны да есімізде. Енді жетінші шақырылымның маслихат депутаттары бұл алтыншы шақырылымның қателігі деп ақталып отыр. Ал бас шаһардың атауын өзгерту шығынға әкеп соғатыны сөзсіз.

ЕРЛАН КАНАЛИМОВ – ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТ ХАТШЫСЫ «2019 жылы қала атауын өзгерту кезінде көп құжат айналымы қағаз жүзінде болатын. Сол кезде әкімдік шамамен 30 миллион теңге жұмсады. Бұл қаржылар маңдайшалар мен бланкілерге кетті. Қазір бұған әлдеқайда аз қаржы жұмсалады. Себебі барлық құжаттар цифрлық форматта».

Осылайша мәслихат Астана атауын қайтаруға қатысты өз батасын берді. Бұдан соң республикалық ономастикалық комиссияның отырысы өтеді. Оның қорытындысы бойынша үкіметке тиісті құжаттар енгізіледі. Үкімет өз кезегінде жарлықтың жобасын әзірлеп, президенттің қол қоюына жібереді. Президент жарлыққа қол қойған күннен бастап бас қала-Астана деп аталатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.