Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Электронды қызмет пара берудің жолын кеседі

c 17:11, 11/05/2018 c 1402

0:00 / 0:00

Электронды қызметті дамыту керек! Мемлекеттік қызметті көрсетуде адам мен адамның байланысын азайту-сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге көп көмегін тигізеді. Облысқа іс сапармен келген республикалық арнайы мониторингтік топ аймақ активімен өткен кездесуде осылай деп атап өтті. Елімізде жымқырылған 15 млрд.тан астам қаражаттың бүгінде 88 пайызы игеріліпті. Іске қосылған қоғамдық карта жобасы - парасыз болашақ деген идеяны ұстанады.

Көрсетілетін 746 мемлекеттік қызметтің бүгінде 447-ін электронды түрде алуға болады екен. Дегенмен ауылдық жерлерде ғаламтордың баяулығы халыққа қызметті электронды түрде алуға мүмкіндік бере бермейді. Бірнеше облысты аралап қайтқан республикалық арнайы мониторинг тобы аталмыш мәселеге қанық екендерін білдіріп, оны жоғары деңгейде көтеруге уәде етті. Себебі қызметтердің электронды түрде қол жетімді болуы - адам мен арасындағы байланысты болдыртпай, түп тамыры тереңге жайылған жемқорлықпен күреске сеп болады деп күтіліп отыр.

Мониторг тобының құрамы қоғам қайраткерлері мен биліктен ойын бұқпай айта алатын тәуелсіз, белсенді азаматтардан құралған. Олар аймақтағы мобильдік топтардың жұмысындағы қаржыландырудың жоқтығы сынды кедергілерді атап өтті.

Мемлекеттік қызметкерлер - елге қызмет етуі тиіс. Болашақ ұрпаққа жемқорлықпен емес, ізгі істермен халыққа деген қамқорлықпен үлгі болып, есіміміз қалсын, - деді мониторг тобының өкілдері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.