Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТІҢ ОТБАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

c 12:25, 20/09/2022 c 1521

0:00 / 0:00

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылады. Ал оның отбасы мүшелері қылмыстық қудаланады. Себебі жазда өткен референдум барысында Ата заңға енгізілген өзгеріске сәйкес, енді экс-президенттің өзі ғана қорғалып, отбасы мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылады деді әділет министрі Қанат Мусин Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен брифингте. Бұған дейін айтылғандай Қылмыстық кодекстен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты қорлағаны үшін жауапкершілікті көздейтін бап алынып тасталады дегенді. Енді министр Мусин бұл бап күшін жоймайды, оны алып тастаудың қажеттілігі жоқ деп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев экс-президент туралы заңмен қорғалады. Әлеуметтік қамтамасыз етіліп, мемлекеттік күзет қызметін қолданады. Алайда, оның өзі ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанымен, отбасы, жақындары құтылып кете алмайды.

Сондай-ақ, әділет министрі 3 партия тіркеудің бірінші кезеңінен өткенін айтты. Қолданыстағы заң бойынша партияны тіркеуден өткізу үшін 20 мың мүшесі болуы керек. Партия мүшесі әр аймақта жоқ дегенде 600 адамды құрауы қажет. «Халық дербестігі» партиясы съезд өткізіп, әділет министрлігіне партия мүшелерінің тізімін тапсырған. Қазір сол тізімді тексеру жұмысы жүріп жатыр. «Намыс» пен «Байтақ» партиялары съезін енді өткізеді. Басқа партиялар әділет министрлігінің сүзгісінен өтпей қалды. Себебі олардың құжаттары заң талабына сай болмай шыққан. Министр Қанат Мусиннің айтуынша, 2019 жылдан бері барлығы 18 саяси парти

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.