Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екпе керек пе?

c 08:29, 06/08/2019 c 725

0:00 / 0:00

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметіне сүйенер болсақ, биылғы жылы тұмауға қарсы вакциналарды сатып алуға 811 миллион теңге бөлінген. Қаражаттың көп бөлігі 13 аталымдағы екпеге бағытталған. Солардың ішінде қызылшаға қарсы екпелер сатып алу жоспарлануда. Алайда аймақта екпеден бас тартушылар саны азаймай тұр. Биылғы жарты жылдықта олардың саны - 1150 адамды алқымдайды. Бірақ, соған қарамастан, сала мамандары "екпенің бала болашағы үшін егілуі тиістігі туралы түсіндіру шараларын үздіксіз жүргізіліп келеміз", - дейді.

"Биылғы жылы республикалық бюджеттен 811 млн. теңге екпелерді сатып алуға бөлініп отыр. Қазіргі таңда 710 мың теңгеге екпе сатып алынды. Ал, тұмауға қарсы 65 мың екпеге қаражат жергілікті бюджетен қарастырылды. Екпеден бас тартқандар саны азаймай тұр. Бұл - қоғамдағы ең өзекті мәселе.Олармен жұмыс ақ халаттыларды айтпағанның өзінде, дін істері мен ішкі саясат басқармасы мамандарын жұмылдырылуымен жүргізіліп келеді", -деп атап өтті БҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айгүл Байбатчаева.

Екпеге қатысты үгіт-насихат жұмыстарының саны аз болғанымен, нәтиже бар. Мәселен, жарты жыл ішінде 52 ата-ананың екпеге қатысты көзқарасы оңбағытқа бұрылып, баларына екпе салдыртқан. Екпе тек балаларға ғана емес ересектерге де керек. Мәселен, туберкулез, полиомиелит, дифтерия, сіреспе, көкжөтел ауруларынан тек екпе арқылы арылады. Дүниеге келген бала болашағының жарқын, денінің сау болуы үшін екпе баланың жалғыз қорғанышы - дейді дәрігерлер. Ақ халаттылар баланың өз уақытында екпе алмауы, оның келешегіне күмәнді деген пікірде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.