Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екпе алушылар саны артады

c 16:29, 06/10/2021 c 1973

Облыс өткен айдан бері ауру таралу матрицасына сәйкес "сары" аймақтар тізімінде. Осы уақытқа дейінгі шектеулер мен тоғыз айдан бері жүргізіліп жатырған вакцинациялау шарасының нәтижесінде жалпы халықтық иммундық жүйе қалыптасып келеді. Әйтсе де екпе науқаны жалғасуда. Мәселен, жаңа оқу жылы басталған уақыттан бері 18 жастан асқан 5000- нан аса студент вакцина алса, барлығы облыс бойынша 199 000-нан аса адам екпе қабылдап үлгерген. ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен жоспарына сәйкес енді өңірдің 414 390 тұрғыны ауруға қарсы вакцинаның бірінші компанентін қабылдауы ләзім. Бастапқыда облыс тұрғындарының 360 000-ы егілуі қажет еді. Яғни жоспарға өзгеріс енгізілген.
Коронавирусқа қарсы жедел штаб отырысында «Ashyq» мобильді қосымшасының қолданыс аясы туралы мағлұмат жиналғандар назарына ұсынылды. Атап айтқанда сәуір айынан бері бизнес субъектілерінің қызметін қайта қалпына келтіруге көмектескен бұл жобаны бірқатар білім беру ұйымдары мен аудандық мемлекеттік мекемелер қолданбай отыр. Облыс бойынша 27-ші қыркүйекке дейін 73 білім беру нысаны қосымшаны пайдаланбағаны анықталған. Яғни QR-кодты пайдаланбаған жүзден аса мекеме жоба қатысушысы мәртебесінен айрылуы ықтимал. Олар туралы толық ақпарат келесі жолы осындай отырыста жарияланатын болады. Айта кеткен жөн, қосымша жұмысын тоқтату барасында аурудың қайта өршу ықтималдығы қалай болатыны туралы мәселе көтерілген жоқ. Жедел штаб отырысын қортындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев вакцинациялау шарасын одан әрі жалғастыру қажеттігін алға тартты.Бүгінгі күні облыс тұрғындарының елу үш пайызы жұқпалы ауруға қарсы перепаратты алып үлгерген. Күніне үш жүзге жуық адам вакцина қабылдады. Өзгерістерге орай жалпы халықтық иммундық жүйе қалыптасуы үшін он бір миллион адамның егілуі жоспарда тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.