Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екінші толқынға дайындық

c 17:34, 15/09/2020 c 391

0:00 / 0:00

Оралда 200 орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынып жатыр. Аурухана ғимаратында ота жасау және жүкті әйелдерді босандыру залдарынан бөлек, 8 бөлім болмақ. Құрылыс жұмыстары 10-шы қарашаға дейін аяқталуы тиіс.Аурухана барлық заманауи қондырғылармен жабдықталады. Ғимараттың желдеткіш жүйесіне ерекше мән берілмек. Мәселен, ақылды палаталарда есік ашылғанда іштегі ауа дәлізге шықпайды. Осылайша инфекцияның ауа арқылы таралуына жол берілмейді. Бүгінде құрылыстың 30 пайыздан астамы атқарылған. 200 кереуеттік медициналық нысанның 180 кереуеті стацинорлық орынға арналған.Құрылысқа жауапты мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, 20 техникамен 300 ден аса жұмысшы емдеу нысанын межелі уақытта пайдалануға беру үшін тер төгуде. Құрылыс материалдары толықтай әкелінген. Қараша айында аурухана толықтай жұмысына кірісетін болады.Бұл жұмыстардың барлығы қытай инфекциясының екінші толқынын ауыздықтау үшін атқарылып жатқан шаралар. Ал емдеу орны эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған соң, өзге әлеуметтік нысанға айналатын болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Кешегі күні облыс бойынша ковид-19 инфекциясын жұқтырған 7 дерек тіркелді. Естеріңізге сала кетеміз, бұған дейінгі жаңалықтарда Теректі ауданында карантиндік шаралардың күшейтілгені туралы хабарлаған болатынбыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.