0:00 / 0:00
Павлодарда адам шошырлық қылмыс жасаған 48 жастағы ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол бірге тұрған әйелдің кәмелетке толмаған екі қызына жыныстық зорлық көрсеткен. Кейін қыздардың АИТВ инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Қылмыс 2025 жылы болған. Тергеу мәліметінше сол кезде 10 және 11 жастағы мүгедектігі бар қыздар үйде ер адаммен оңаша қалған. Айыпталушы олардың дәрменсіз жағдайын пайдаланған. Іс жабық сот отырысында қаралды. Прокуратураның мәліметінше, ер адам жауап беруден бас тартқан. Сот алкогольдік мас күйде қылмыс жасауды ауырлататын мән-жай деп таныған. Ал кінәсін мойындауы мен бұрын сотталмағаны жеңілдететін жағдай ретінде ескерілген. Сот үкімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған педагогикалық қызметпен айналысуға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды.







