Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Егіздер іште шетінеп кеткен

c 17:18, 12/11/2021 c 1668

0:00 / 0:00

Оралдық келіншек құрсағындағы шарананың шетінеп кеткенін үш апта бойы білмеген. Зарыға күткен егіз сәбиінен айрылған оралдық Ұлболсын Айтқалиева бұған дәрігерлерді кінәлайды. Ашынған ананың айтуынша, емдеуші гинеколог дұрыс көңіл бөлмеген көрінеді. Осылайша екі өлі шарана үш апта бойы оның құрсағында жатыпты. Құрсағындағы сәбиінің егіз екенін білгенде Ұлболсын мен Нұрболдың қуанышында шек болмаған. Қуанышы қойнына сыймаған ерлі-зайыптылар дәрігерге уақытылы барып, тексеріліп жүрген. Бірақ бір күні аяқ астынан жол апатына түседі. Тас жолда жүйткіген көлік бес рет аунап, екеуі де ауыр жарақат алған. Ес-түссіз қалған Ұлболсын біраз уақыт ауруханада емделеді. Емделіп шыққан соң, дәрігер іштегі баланың тірі екенін айтып қуантыпты. Осы жол апатынан күйеуінің аяғы сынған. Балдаққа сүйенген жігіт қазір жұмысқа жарамсыз. Ол да дәрігерлердің салғырттығына өкпелі. Бірақ сотқа беріп, жазалатуға дәрігерді аядық дейді.Ал дәрігерлер мұнымен келіспейді. Айтуынша, Ұлболсынның жол апатынан алған жарақаты өте ауыр екен. Бас сүйегі шытынап, миы шайқалған. Бұл аздай бүйрегі де зақымданыпты. Іштегі баланың шетінеп кетуіне осы оқиға себеп болыпты. Енді дәрігерлер Ұлболсынды мұқият қарап тексереміз деп отыр. Өйткені оның ағзасында түрлі генетикалық, гормоналдық өзгерістер байқалған. Сондықтан арнайы мамандар бақылауына алмақ

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.