Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Егіс науқаны басталды

c 17:16, 10/04/2018 c 822

0:00 / 0:00

Шаруаларға көктемгі суару жұмыстарына бөлінетін дизельді жанармайдың биыл құны қымбаттады. Былтыр ғана 122 теңгеге бағаланған жанармайдың литрі бүгінде 141 теңгені құрап отыр. Шаруалар болса, егіс алқаптары 513 мың гектарға дейін ұлғайтылғанын айтады. «Жаздың қамын қыс ойла» демекші егістіктен қар кетпей жатып шаруалар жердің қамын қамдауда. Облыстық ауыл шарушылық басқармасының мамандарының айтуынша, егіс науқанына өңіріміздегі 500ден астам шаруашылық жұмылдырылады. Алқаптағы жұмыстар жер аяғы кеңіп, топырақ тыңайғанан кейін қызады. Ауыл шаруашылық басқармасының мамандары шаруашылықтарға арнайы белгіленген бағамен жанармай тасымалдайтын оператордың бекітілгенін айтады. Бұл "Батыс Арна" жшс болмақ. Ал шарулар оражайдың қалай шығып, жемісін қаншалықты беретінін әлі болжай алмаймыз дейді. Себебі біздің климаттық жағдайда барлығы ауа райына байланысты. Айта кетелік, көктемгі егістік жұмыстарының негізгі бөлігі мамыр айында орындалмақ.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.