Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Деркөл кентінің әкімі тағайындалды

c 16:34, 01/07/2020 c 1042

0:00 / 0:00

Бүгін   қала әкімі Абат Шыныбеков кент тұрғындарына жаңа  әкімді және жаңа әкімдікті апаратының мамандарын таныстырды.2020 жылдың 13 сәуірінде Орал қаласы әкімінің қаулысына сәйкес Орал қаласы әкімдігінң  Деркөл кенттік округі әкімдігі құрылған болатын. ҚР «Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» заңына  сәйкес жергілікті қоғамдастықтің  келімі бойынша кенттік окру әкімдігінің құрылымдық штаты бекітіліп, әкім лауазымына сайлау жарияланды. Ұсынылған үш кандидаттың ішінен Орал қалалық мәслихаты депутаттарының дауыс берімен Жұбан Тұрарұлы Жұмағалиев таңдалып,    қала әкімінің өкіміне сәйкес 1 шілдеден бастап Деркөл кентінің әкімі болып тағайындалды.Жұбан Жұмағалиев – 1992 жылы дүниеге келген, Деркөл елдімекенінің тұрғыны.  Білімі –жоғары. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжін, Батыс Қазақстан инновациялық-телекоммуникациялық университетін «Техник-электрик», «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2012 жылы «Ақсай элеватор» ЖШС-нда жұмысшы ретінде бастап, 2013-2018 жылдары – Орал қаласы Зачаганск кенті әкімдігі аппаратында жетекші маман-бас маман, 2018 жылдан бастап Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарған.Сондай-ақ шаһар басшысы «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға  сәйкес аппаратты қалыптастыру жұмыстары жүргізілгенін және 1 шілдеден бастап әкімдік аппараты толық жұмыс жасайтынын айтып, аппараттың қызметкерлерін де таныстырды. Әрі кент бойынша атқарылатын жұмыстарды, әкімдік алдындағы міндеттерді де нақтылап өтті. Қазір кентте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында көптеген жұмыс атқарылуда. 2-Молодежный көшесінде ауланы абаттандыру жүргізілуде. Жақын күндері №12 мектеп аумағында спорттық ойын алаңы салынады. Деркөлдегі барлық елдімекендердегі көше шамдарын жарық диодты шамдарға ауыстыру 1 қарашаға дейін аяқталуы керек. Ең басты мәселе  «Сарыарқаға» жол салуды биыл бастау  көзделіп отыр.  Жаңа әкім Жұбан Жұмағалиев өзіне  артылған сенімді ақтауға, күш-жігерін жұмысқа арнауға көпшілік алдында сөз беріп, кентті абаттандыруда жоспарының ауқымды екенін жеткізді.Жиынға қатысқан ардагерлер кеңесінің мүшесі Тілекқабыл Сағынов, қоғамдық кеңес мүшесі Темірболат Тастүлеков кенттегі елдімекендербойынша шешімін күткен біраз мәселелерді атап, әкімдіктің тізгінін ұстаған жас толқыннан жаңашылдық бағытында мол үміт күтетіндерін айтты.   Айта кетейік, Деркөл кенті құрамына Ливкино, Кардон, Маштаков, Ветелки, Кумыска, Өскен ауыл, Новостройка, Кумыска, Рыбцех, Үміт елді мекендері, «Сарыарқа» және «Көкжиек» шағын аудандары кіреді. Бүгінде мұнда 20 143 тұрғын бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.