Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бұралқы ит мысықтармен күрес

c 17:02, 20/02/2019 c 1198

0:00 / 0:00

Бұралқы, қаңғыбас иттермен күресу жүйелі түрде жүргізіліп келеді.  Өткен жылы көше кезіп, топтасып жүрген төрт аяқты хайуанттардың көзін жою бағытында 100 ге жуық рейд шаралары ұйымдастырлса, биыл да бұралқы иттер мен мысықтардан тұрғындар зардап шекпес үшін қажетті шаралар атқарылмақАйта кету керек, жергілікті бюджеттен бұралқы иттермен күрес жұмысына биыл 28 млн. теңгеден аса қаражат қарастырылыпты.Қаланың шеткі аудандары мен саяжайларда тобымен жүрген иттердің көптігі соншалық, жергілікті билік арнайы қаржы бөліп, оларды жоюды жүйелі жолға қойған. Айталық, былтыр  өлкеде  5 мыңнан астам бұралқы ит-мысықтардың көзі жойылған.Алайда бұл – амалсыздықтан қолға алынып отырған шара. Адамға адал берілген мақұлықтар мәселесін шешудің өзге жолын қарастыру керек дейді тұрғындар. Қазынадан қарастырылған  қаражат төртаяқтыларды атуға және мүрделерді арнайы орындарда өртеуге жұмсалады екен. Ал егер олар паналайтын орын ашылса, шығын анағұрлым аз болатыны анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.