Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бос уақыт тиімді ұйымдастырылмақ

c 16:17, 10/02/2020 c 591

0:00 / 0:00

Ет комбинаты ауданында "Арай" атты комьюти орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына қала әкімі Абат Шыныбеков қатысқан болатын.

Қаланың Ет комбинаты ауданында ересектер мен балалардың бос уақытын ұйымдастыратын "Арай" комьюнити орталығы өз жұмысын бастады. Аталмыш орталықта ересектерге смартфонды үйретуге арналған үйірме, оқушыларға арналған шахмат, саз және өзге ұлттың салт-дәстүрі мен ойындарын меңгертетін және "Мен ерікті" атты үйірме өз жұмысын бастамақ.

Орталықтың жұмысымен танысқан қала әкімі қаланың түкпір-түкпірінде ересектер мен балалардың бос уақытын ұйымдастыруға арналған комньюнити орталықтарының жұмыс жасап жатқандығын тілге тиек етіп, жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, аталмыш нысанға, яғни Ет комбинаты 7/1 мекен-жайында орналасқан ғимаратқа бұрын Орда көшесінде жұмыс жасаған, №6 қалалық кітапхана да көшіп келді. Кітапханада абонемент, оқу және балаларға арналған зал да жабдықталыпты.

Қос нысан Ет комбинаты ауданында өмір сүретін тұрғындар үшін мәдени-ағартушылық жұмысын бастап, халыққа қызмет жасауын жалғастырмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.