Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО түзету мекемесінде сыбайлас жемқорлық бойынша 5 факті тіркелген

c 18:15, 31/05/2018 c 908

0:00 / 0:00

Бүгін облыстық сотта өткен конференцияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи технологиялары, ресурстары мен механизмдері талқыланды. Қазіргі ел саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жазалауға емес, алдын алу, профилактика тәсіліне көшіп отыр. Өтіп отырған ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты - қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа технологияларын, жаңа күрес жолдарын, әдіс-тәсілдерін талқылау.

БҚО аумағында орналасқан 3 түзету мекемесінде 843 сотталушы жазасын өтеуде, оларды қадағалау 343 қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне жүктелген. 2015 жылдан бастап аталған сала бойынша 5 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркеліп, 3 тұлға жауапкершілікке тартылған. Негізінен қылмыстар сотталған тұлғаларды заңсыз шартты мерзімінен бұрын босату үшін пара алу түрінде жасалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.