Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО стандарттарға сәйкес келетін жолдың үлесі 34 пайызды құрайды

c 17:53, 23/12/2020 c 618

0:00 / 0:00

2020 жылдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы жолдарының 34 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейде. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 29 пайызды құраған еді. Сала мамандары 2025 жылға дейін асфальт жамылғысы бар тас жолдарды 65 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр.

Жалпы Батыс Қазақстан облысында 5082 шақырым жол бар. Осы тас жолдарды жөндеп, инфраструктураны жақсарту үшін жылда қыруар қаржы бөлінеді. Биыл мемлекеттік қазынадан бөлінген ақшаға 430 жол шақырым жөндеу көрді. Осылайша облыста сапасы сын көтерер дерлік асфальт жамылғысы бар жолдардың үлесі 34 пайызға жетті.

Қазіргі таңда Бөкей Орда мен Жәнібек аудандарына апаратын тас жолды жөндеу мәселесі күн тәртібінен түспейді. Биыл Қазталов-Жәнібек пен Ресейді жалғайтын және Өнеге-Бисен-Сайхын автомобиль жолдарын салу жұмыстары жалғасуда. Бұл үшін 2,4 млрд теңгедей қаражат бөлінген. Осы жылы Чапай-Жалпақтал-Қазталов жолының 152-197 шақырымдары қолданысқа берілді.

Сапалы тас жол салу мәселесі өте өзекті. Биыл жол активтері мамандарымен бірге 57 мониторинг ұйымдастырылып, 32 млн теңге жұмсалған сапасыз жұмыс қайта жасалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.