0:00 / 0:00
Орал қаласындағы облыстық мәслихат ғимаратында Батыс Қазақстан облысының балық шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Қатысушылар су айдындарының жағдайын, саланың қазіргі проблемаларын және қолдау шараларын талқылады. Негізгі назар балық шаруашылығы іс жүзінде дамымаған аудандарға аударылды. Сонымен қатар, өндіріс көлемін арттыру және су айдындарын тиімді игеру жолдары қарастырылды.










