Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО "Ақжайық" шипажайына жол салынады

c 18:28, 23/07/2019 c 1523

0:00 / 0:00

БҚО "Ақжайық" шипажайына жол салынады.Тұрғындарға қолайсыздық тудырып келген мәселеге осылайша нүкте қойылмақшы.Ол үшін облыс бюджетінен 253 мил теңге бөлініпті. "Ақжайық" шипажайында бұдан басқа да жаңалықтар бар.Арна тілшісі шипажай тіршілігмен танысып келді.«Ақжайық» шипажайына баратын 7 шақырым жолды жөндеу үшін 253 мил теңге қаржы бөлінген.Қазір мердігер компания анықталып, жол салу жұмыстарын бастап та кеткен.Жол жөндеу жұмыстары үш айда аяқталады деп жоспарланып отыр.Жалпы Теректі ауданы бойынша жолдардың тек 5 пайызы ғана жақсы күйде деп бағаланып отыр.«Ақжайық» шипажайында 180 адамға ем алып, демалуға мүмкіндік қарастырылған.Ол жерде қазір сумен емдеу кешенінің құрылысына бастау берілді. Табиғи минералды сулармен емдеу кешенінің құрылысы көптің көңілінен шығады деп жоспарланып отыр.Жалпы Қазақстан бойынша «Ақжайық» шипажайы сұранысқа ие шипажайлардың бірі. Бұл жерде табиғи сулармен емдеу жүйесі іске қосылады деп күтіліп отыр. Дәл қазіргі кезде «Ақжайық» шипажайына Атырау, Ақтау қалаларынан келіп емделетіндер саны көп.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.