Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО әкімі Ассамблея мүшелерімен кездесті

c 10:40, 01/03/2018 c 728

0:00 / 0:00

Қазақстан көп этносты мемлекет. Бұл өздігінен келе қалған атақ емес. Тағдыры сан тарауға түсіп, бас сауғалайтын пана іздегеннің бәрін бауырына басқан бабаларымыз бізге осындай дархан мінез қалдырған. Ашаршылық жылдары, репрессия жылдары, Ұлы отан соғысы жылдары ел басына түскен не бір нәубеттің бәрінде өз баласын аш қылмай, өзгені де өзекке теппей құшағына сыйғыза берген. Қазақтың мейрімі мен шапағатын көргендер қазақ халқына мың алғыс десіп жүр. Бұл ретте кәрістер алдыңғы қатарда. Олар тіпті қазақтың дархандығын тасқа қашап жазып, бастарын игені әлі күнге есімізде. Сол монумент басына әлі күнге гүл шоқтары қойылып, тағзым жасалып тұрады. Осы "Алғыс айту" күнінің құрметіне Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов те ассамблея үйінде халықпен кездесіп бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызын тағы бір мәрте айтып өтті.

Бұл күннің тарихы тереңде жатыр, әрине түсінгенге салмағы да өте ауыр мереке, бірақ өкінішке орай осы күнді бұрмалап, саяси салмағын азайтқысы келетіндердің бары өкіншті. Бар емес тіпті көп. Олардың мақсаты айқын, қазақ жасаған жақсылықты мойындағылары келмейді. Бірақ тарих тегершегі кері айналып келер болса олар көрген бейнет пен нәубет бүгінгінің біраз батырын басқаша сайратар ма еді. Кім білсін. Бірақ қазақ халқымен бірге небір қиын замандарды басынан өткерген аға буын өкілдері бұл күннің салмағын сезінеді. Шын ниеттрімен алғыс айтып, мерекенің мәнін кіргізіп жүр.

Василий Баев, ардагер ұстаз
Мен тағдырыма ризамын, осы далаға келгеніме, осында дүниеге келгеніме, менің ата - бабам дәл осы жерде тұрақтағанына мың алғыс айтамын, мен өзім осы қалада өстім, өндім, баларымды өсірдім,  туған қаламды жақсы көремін. Мен осы даланың баласымын, бұл менің Отаным, мен сол үшін ризамын, сол үшін алғыс айтамын.

Біздің бабаларымыз орыс , өзбек, татар, башқұрт, ұйғыр дейсіз бе, кім керек, басына пана сұрағанның бәріне пана болды, төрінен орын берді, бауырына басты. Бір тілім қара нан мен бір кесе сүтсіз қара көжені бөліп ішті. Қазақтың дархан, мейірбан мінезінің арқасында аман қалған, осы далада ұрпағын өрбіткен сол этностар бүгінгі күніне шүкір дейді. Әрине мұны білетіндер бар, солар қазаққа алғыс деседі, керісінше біле тұра білгісі келмейтіндер бар. Мойындамайтын топ тағы бар. Сондай іші тар, пейілі жаман, қазаққа болсын демейтін пасық ойлы адамдардың жамандығынан сақтасын. Мереке жақсы ау, тек әр мерекенің мәнің түсініп, қадіріне жетіп жатсақ қәні.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.