Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО әкімдігі бөлген білім гранттары толықтай игерілді

c 18:12, 22/08/2018 c 1099

0:00 / 0:00

Грантқа түсуге ниет білдірген талапкерлерден 5-10 тамыз аралығында құжат қабылданған болатын. 94 грант Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті мен "Нұр-Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университеті арасында бөліске түсіп отыр. Сондай-ақ ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін тапсырылған ҰБТ-дің нәтижесі де белгілі болды.

ҰБТ-ге қатыса алмаған, шектік балды жинай алмаған және арнаулы оқу орындарын бітірген студенттерге екінші рет мүмкіндік осыдан 2 жыл бұрын берілген болатын. Биыл ақылы негізде ЖОО-на түсемін деушілерге ҰБТ 16,17 және 18-тамыз күндері өтті. Оған 1600-ден астам талапкер қатысқан. 1ші лекте 356 адам 5 пәннен сынақ тапсырды. Ең жоғарғы 140 бал болса, шектік бал 50.

Тестілеуден сүрінбей өткен студенттер өздері қалаған мамандықтары бойынша тегін білім алу мүмкіндігіне ие болып, қуаныштары қойындары сыймай жүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.