Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО 5203 түлек мектеп бітірді

c 20:14, 25/05/2018 c 1027

0:00 / 0:00

Бүгін барлық мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Облыста 5203 оқушы алтын ұя мектептерінен түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басты. Аймақтағы Назарбаев зияткерлік мектебіндегі соңғы қоңырау салтанатына БҚО әкімі Алтай Көлгінов арнайы қатысып, түлектерге арнаған тілектерін жеткізді. Биыл аталмыш білім ордасы түлектерінің 6-уы "Алтын белгіге" үміткер болып отыр.

Соңғы қоңырау салтанаты облыста 381 мектепте өтіп жатыр. Солардың бірі-Назарбаев зияткерлік мектебіндегі салтанатқа облыс әкімі Алтай Сейдірұлы арнайы қатысты. БҚО-ның Назарбаев зияткерлік мектебінде 7-12 сынып аралығында оқитын 520 оқушы оқу жылын тәмамдап отыр. Оның ішінде 85 түлек мектеп бітіруде. Аталмыш оқу орнында 120 оқытушы жұмыс жасаса, оның 10-ы шетелдік маман. Қазіргі таңда білім ордасының 14 түлегі алыс-жақын шетелдік университеттердің гранттарын иеленіп отыр.

Облыста биыл 5203 оқушы мектеп бітірсе, оның 3752-сі ҰБТ-ге қатыспақ. Зияткерлік мектептің шәкірті Талапов Азиз "Жылдық үздік оқушысы" атанды. Ал 8-ші сынып оқушысы Арсен Тастанов- "Үздік оқырман", Нұрбақыт Жоламан- "Үздік уикипедияшы" сынды номинацияларымен марапатталды. Салтанатты шара соңында "Бала шақтан болашаққа" деп аталған композициялық қойылым мен "Қоштасу" вальсі орындалып, түлектер үшін соңғы қоңыраудың үні сыңғырлады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.