Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнес бизнесті қолдайды

c 16:32, 15/04/2020 c 266

0:00 / 0:00

Коронавирус пандемиясы адамзаттың күнделікті өмір сүру салтына өзгерістер енгізді. Вирустың тез таралуына тосқауыл болып, адам өмірін ажалдан арашалап қалу үшін түрлі елдің үкіметі оқшаулану тәжірбиесін қолданып жатыр. Пандемиядан зардап шекпеген адам жоқ. Бірі өмірі үшін жантасып күресіп жатса, енді бірі бала-шағасымен бірге үйде отырып, жан бағуда. Індеттің кесірі әсіресе, экономика саласына ауыр жүк болып, кәсіпкерлердің ісі тұралап тұр. Осы өзекті тақырыпта әріптестеріміз "Атамекен" бизнес шайн арнасы арнайы репортаж жасаған болатын.

Пандемия кезінде бизнес субъектілерінің жұмысы тоқтап, ісі тұралап тұр. Осы тұста, кәсібінің арқасында бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкерлерге қиын тиюде. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес субъктілерінің мәселесін құзырлы органның өкілдерімен талқылауда. Қазіргі таңда еліміздің барлық дерлік сауда үйлері өз жұмысын тоқтатып, есіктерін құлыптап қойды. Бірақ сауда орындары жабық тұрса да, жалдау құнын төлеуді сұрайтын сауда үйлерінің иелері бар. Осы тұста, пандемиядан зардап шегіп отырған бизнестің өкілдері бұны коммуналдық төлемді төлеу керек сынды аргументтерімен түсіндіріп отыр.

Қиын шақта бизнес субъектілерінен жалдау құнын алмай, қолдау көрсетіп отырған кәсіпорындар бар. Солардың бірі- "Серік" өндірістік жабдықтау кәсіпорнының" иесі Серік Мерғалиев. Кәсіпкер төтенше жағдай аяқталғанша, жалдау құнын алмау туралы шешім қабылдағанын айтады.

Сала мамандары бизнесті бизнес қолдауға шақырады. Қиын кезеңді бірлесе еңсеру арқылы, жаңа мүмкіндіктерді бағындыруға болатыны сөзсіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.