Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл тоғыз тұрғын үй жөнделеді

c 17:06, 27/07/2022 c 2097

0:00 / 0:00

Биыл Орал қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында 9 көпқабатты тұрғын үй жаңғыртылмақ. Қазіргі таңда 3 үйде құрылыс жұмыстары басталыпты. Тұрғындар таңдаған мердігер компания өз ақшасына жұмысты бастапты. Жөндеу жұмыстары басталған үйдің бірі-Құрманғазы көшесі 164 мекенжайында орналасқан.

Құрманғазы көшесі 164 мекенжайында орналасқан үйдің тұрғындары шатырдан аққан судың кесірінен көп жылдар зардап шегіп келді. Әсіресе, бесінші қабаттың тұрғындары шатырдан аққан нөсер жауын мен қар суынан шаршаған.Олар бірнеше жыл бұрын тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасынан қатысуға ынта білдірген. Алайда биыл ғана жөндеу жұмыстары басталыпты.

Мамандардың сөзіне сенсек, Құрманғазы көшесі 164 мекенжайында орналасқан үйдің шатырын ауыстыруда мердігер компания өз қаражатына бастапты. Биыл облыс орталығында орналасқан тоғыз үй жөндеу көрмек. Бұл үшін бюджеттен 278 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрғын үй жаңғырту бағдарламасы 2011 жылы басталды. Содан бері мемлекеттік бағдарлама арқылы 149 баспана жөндеу көрген. Өткен жылы 5 үйдің жедел сатысы мен 8 баспананың шатырын ауыстырып, екі нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілген. "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысу үшін баспана тұрғындарының 3/2 кесілімі керек.

Сурет  nurtim.kz       сайтынан жүктелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.