Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл 110 мың гектар жер өртке оранды

c 11:57, 02/10/2017 c 712

0:00 / 0:00

Биыл батыс өңірінде дала өрті өршіп тұр. Жаз маусымынан қыркүйек айының ортасына дейін жалғасқан төтенше жағдай салдарынан жүз мыңдаған алқап қызыл өртке оранып, тілсіз жау екі адамның өмірін қиған болатын. Ең ірі өрттер Ақжайық, Қазталов пен Шыңғырлау аудандарында орын алған көрінеді. Ал өрттің өршуіне не себеп? Өңірде қажетті техника жеткілікті ме? Осы сынды мәселелер облыс басшысының орынбасары Бағдат Азбаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында жан-жақты талқыға түсті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының аудан, ауыл әкімдеріне айтар назы көп. «Елді мекендерде ақпараттандыру жұмыстары әлсіз жүргендіктен, ауылдарда құрғақ шөптер ерте жиналып, өрт соның салдарынан ушықты» дейді Жасұлан Қыдырғожаұлы. Тілсіз жау салдарынан 2 миллионнан астам шығын келіп, мыңдаған малдың қырылғаны да белгілі. Төтеншеліктер өрттің өршуінің басты себебі - аудандық әкімдер тарапынан хабардың уақытылы келмеуі дегенді айтады. Облыстық әкімдік ғимаратында өткен кезекті кеңесте түйіткілді мәселе жан-жақты талқыға түскен болатын.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.